УҰИ-ға қамалған баласымен ата-анасы көпке дейін тілдесе алмаған – полиция түсініктемесі

Сурет: pixabay
27 қаңтарда қару-жарақ сатты деген күдікпен ұсталған 35 жастағы Көксу ауданы тұрғынының туыстары Талдықорған полициясындағылар онымен өздерін де, адвокатты да кездестірмей отырғанын айтып, БАҚ-қа сұқбат берген. Осы мәселеге қатысты құзырлы орган жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қаңтарда ұсталған баласымен әлі күнге дейін жолыға алмай жүрген жетісулық ата-ана оны ұрып-соғып, азаптады, тіпті хәлі мүшкіл ме деп те қауіптенеді.

"Күдіктілердің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 4-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер, қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сараланғанын хабарлаймыз. Ұсталғандарды тергеу барысында сот "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Күдіктілер ұсталған сәттен бастап (18 қаңтар) тергеу амалдарын жүргізу үшін қорғаушының қатысуы қамтамасыз етілгенін атап өтеміз", делінген Polisia.kz-ның Telegram арнасындағы хабарламада.

26 қаңтарда ұсталғандардың бірінің өтініші бойынша оның анасы қоғамдық қорғаушы ретінде тергеуге, сондай-ақ олар жалдаған адвокат жіберілген. Қорғаушы күдіктімен кездесіп, қылмыстық іс материалдарымен танысқан.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды