Баласын үшінші қабаттан құлатқан әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Сурет: pixabay
Екі жасар ұлын балконнан, үшінші қабаттағы пәтерден құлатқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 27 қаңтарда болды. Әйелдің мас болғанын ресми ақпарат көзі растаған.

Ол баланы қолына ұстап, құлыптаулы тұрған пәтерінен балкон арқылы шығуға тырысқан.

"Әйелге қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішхатпен беріледі".ШҚО полиция департаменті

Бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер кәмелетке толмаған баланың ауыр жарақаты жоқ және оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін айтқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді