Полиция видеоға қарап, жол ережесін өрескел бұзған көлік иесіне жеті айыппұл салды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған Lexus көлігіне жеті айыппұл салынды. Көлік иесін әлеуметтік желіге жүктелген видео "ұстап берген", деп хабарлайды Zakon.kz.

29 қаңтарда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде көшеде жол қозғалысы ережелерін ашықтан ашық бұзып, жүйткіген көліктің видеосы тарады. Полиция оған қызығушылық танытып, тексере келе жүргізушіге жеті әкімшілік хаттама толтырды.


Құқық бұзушы – Т. есімді азаматқа қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды:

 - ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі – бекітілмеген қауіпсіздік белдігі;

 - ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі – бұрылу, айналу немесе тоқтау ережелерінің талаптарын сақтамау;

 - ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі – апаттық жағдайды туындату;

 - ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі – сақтандыру полисінің болмауы;

 - ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі – қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу;

 - ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі – басып озу ережесін бұзу;

 - ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі – терезелерді қараңғылау;

Құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Алматы облысы
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды