Ұлытауда шаруа қожалығының қызметкері басшысын өлтіріп, атқа мініп қашқан

Сурет: polisia.kz
Ұлытау облысының полицейлері шаруа қожалық басшысын өлтіру фактісін "ізін суытпай" ашты, деп хабарлады Zakon.kz.

31 қаңтарда сағат 18:30 шамасында Ұлытау облысы Ұлытау ауданының полиция бөліміне Ұлытау ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан қыстаудан 46 жастағы шаруа қожалығы басшысының зорлық белгілері бар мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған шаруа қожалығының 45 жастағы қызметкерін анықтап, ұстады.

Күдікті шаруа қожалық басшысымен өзара жанжалдасу кезінде өлтіргенін айтып, кінәсін мойындады. Қылмыс орнынан атқа мініп қашып, ізін жасырмақ болғанымен, полиция қызметкерлері көп ұзатпай далада қолға түсірді.

"Айғақты заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды".

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті