Алматы облысындағы сот ғимаратынан жарылғыш зат табылмады

Cурет: Zakon.kz
3 ақпанда Жетісу облысы соттарының электрон мекенжайына ғимараттарға қойылған жарылғыш заттар туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәтінде Алматы облысындағы сот ғимаратына жарылғыш заттар қойылды деп көрсетілген. Соған қарамастан, құрамында қызметтік-іздестіру иттерімен бірге саперлер облыс аумағында орналасқан соттардың барлық ғимаратын тексеріп шықты. Қандай да бір жарылғыш заттар табылған жоқ.

"Хабарламада көрші облыс аталғанын ескере отырып, жиналған материалдар Алматы облысының полиция департаментіне жолданды, және аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқандарға 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза, сонымен бірге 5 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы барын ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы