Ақмола облысының тұрғыны көлікті ұрлап, онымен қонаққа барған

Сурет: poilisia.kz
6 ақпанда Егіндікөл ауданының полиция бөліміне автокөліктің ұрлануы туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Иесінің айтуынша, белгісіз адамдар оның ауласында тұрған ВАЗ-21099 автокөлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұрлау кезінде кілттер тұтандырғышта болғаны белгілі болды.

Дереу полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті. Ұрлық туралы ақпарат және автокөлік белгілерімен бағдарлау патрульдік полицияның барлық нарядтарына берілді.

Ұрланған көлік келесі күні таңертен табылды. Ұрлыққа өтініш берушінің ауылдасының, оның жұбайының танысының қатысы бары алдын-ала анықталды. 22 жастағы ақмолалық кілттер салон ішінде қалғанын біліп, көрші елді мекенге өз істері бойынша бөтен көлікке мініп кетіп отырған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 200-бабы (Ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Автокөлік заңды иелеріне қайтарылды. Күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, ал өткен жылдың соңында ол дәл осындай тәсілмен басқа біреудің көлігіне мініп кеткен, алайда іс татуласумен аяқталған. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды