Алматы әуежайында заң бұзған үш шетел азаматы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Үндістанның үш азаматы ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден тысқары шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, 2023 жылдың басынан бері көлік полицейлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 121 азаматты, оның ішінде 86 шетелдікті Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 19, 21 және 32 жастағы Үндістан азаматтарын анықтады. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған.


"Көлік полицейлері шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Дәл осындай құқықбұзушылық Шу станциясында Көкшетау–Қызылорда бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде де анықталды. Бұл жолы Тәжікстан Республикасының 28 жастағы азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен жоғарыда аталған құқықбұзушылар ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды", – дейді Мадияр Айтуғанов.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі