Қызылордалық әйел ұлтарақ ішіне есірткі салып, түзеу мекемесіне өткізбек болған

Сурет: polisia.kz
Қызылордадағы ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіне қала тұрғыны салем-сауқат арқылы, танысына алып келген аяқ киімнің ұлтарағының астына екі дана ақ түсті полиэтилен пакетке оралған затты, жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында ұлтарақ астына оралған екі пакетте өзіне тән ерекше иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат екені анықталды.

Жедел түрде "102" арнасына хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 32,07 грамм кептірілген марихуана екендігі анықталды. 

"Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр".Ішкі істер министрлігі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді