Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Қайғылы жағдайға әкеліп соққан жол апаты 15 ақпанда Атырау-Индер тас жолында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 ақпанда Атырау-Индер тас жолының 72 шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысты. Салдарынан Lada Granta көлігінің 1997 жылғы жүргізушісі оқиға орнында опат болды, ал ауруханаға жеткізілген осы көліктегі 1962 жылғы жолаушыны, өкінішке қарай, дәрігерлер аман алып қала алмады.

Toyota көлігінің жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы да түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол апатынан кейін Toyota отқа оранған.

Аталған дерекке қатысты аудандық ПБ ҚР Қылмыстық кодекстің  345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын қолға алды.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды