Қызылордадағы түрмеге емдік шайдың орнына есірткі салып кіргізбек болған

Сурет: Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесi департаменті
Қызылордада түрме қызметкерлері "ерекше" сәлемдемені анықтады. Жазасын өтеушіге емдік шайдың орнына есірткі салып өткізбек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, №60 мекемеде жазасын өтеп жатқандарға келген сәлем-сауқаттарды қабылдау барысында қызметкерлер "ерекше" сәлемдемені тауып алған. 35 қалташадағы емдік шай қалташаларының құрамы алмастырылып, орнына ұнтақ тәріздес әрі ерекше иісі бар зат салынған болып шықты.

Бұл дерек жедел түрде "102" арнасына хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тыйым салынған зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысымен күдік тудырған ұнтақтың 47 грам кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін