Жамбыл облысының полицейлері "ауырып тұр" деп болжаған жүргізуші мас боп шыққан

Сурет: видео скрині
Жамбылдық полицейлер мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 16 ақпанда сағат 00:02-де Қаратау қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары қозғалысы күдік тудырған Volkswagen Golf маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер әуеліде жүргізуші көлік басқаруда қиындықтарға тап болған болуы керек немесе көлік жүргізген адам ауырып, медициналық көмекке мұқтаж болуы мүмкін деп ойлайды. Полиция қызметкерлері жүргізушімен әңгімелесу барысында аяғын зорға басатындай мас күйде тұрғанын байқады.

Заң бұзған тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Талас аудандық сотының қаулысымен жүргізуші көлік құралын айдау құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады