Талдықорғанда екі жыл бұрын ғана босап шыққан тұрғын көлік ұрлап, қайта қамалды

Cурет: видео скрині
Талдықорғанда көлікті айдап кеткен күдіктінің бірнеше ұрлыққа қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 16 ақпанда полиция қызметкерлерінің алдынан шыққан Audi-80 автокөлігі күдікті болып көрінген. 

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын елемей, керісінше жасырынуға тырысып, қаша бастаған. Алайда ер адам ұсталды.

Ол бұрын сотталған 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Көлікте аккумулятор болмаған соң жақын жерде тұрған Volkswagen көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың облыс орталығындағы асханалар мен дүкендердің бірінің кассасынан бірнеше рет ақша ұрлағаны белгілі болған. Ол бұған дейін топтасып зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2021 жылы түрмеден босатылған. Polisia.kz

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы "Айдап кету" және 188-бабы "Ұрлық" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады