Оралда оқушыны "мұғалім" тонап кеткен

Сурет: pexels
Орал қаласындағы мектептердің бірінде өзін педагог ретінде таныстырған алаяқ әйел оқушының телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 26 жастағы әйел мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде 4 сынып оқушысын тоқтатып, өзін педагог ретінде таныстырған. Мектепте комиссия мүшелері жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын айтып, ол баланың затын иеленген. Оқушы кері қайтарып беретініне иланып, оның қолына ұялы телефонын ұстатқан.

Алаяқтың әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған.


"Күдікті ретінде 26 жастағы әйел ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы - "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргзіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды