ҚР ІІМ мектепке балта алып барған оқушы не себепті қамауға алынғанын айтты

Сурет: Zakon.kz
23 ақпанда Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавлда мектеп оқушыларына балтамен шабуыл жасаған жасөспірім неліктен қамауға алынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Марат Қожаев қылмыстық іс тергеліп жатқанын, күдікті ұсталғанын атап өтті.
"Оның анасы өкіл ретінде танылды, ол қамауда отыр, тергеу қорытындысы бойынша ол неліктен мұндай әрекетке барғаны мен шарттары жан-жақты анықталады, содан кейін хабарлаймыз". Марат Қожаев

БАҚ өкілдері "Сот кәмелетке толмағандарды қамауға алуға рұқсат бере ме?" деп сұрады.

"Солай, аса ауыр қылмыс жасағанда". Марат Қожаев

2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің біріне 9-сынып оқушысы  балта мен пышақ алып барып, үш оқушыны жарақаттады.

Кейін бала 15 жаста екені, ол "депрессия" диагнозымен психиатриялық есепте тұратыны белгілі болды. 

14 ақпанда бұл мектепте арнайы күзет болмағаны анықталды.
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды