Алматыда үйдің ауласынан көлік ұрлағандар ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматыдағы тұрғын үйдің ауласынан көлік деген күдікпен 2000 және 2004 жылы туған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, олар Айнабұлақ ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан бөтен адамның көлігін ұрлап кеткен.

"Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімі күдіктілерді ұстады. Олар өз қылмысын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік тәркіленді. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да эпизодтарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр". Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз