Ақтөбе тұрғыны YouTube-тегі жарнаманы көріп алданып қалған

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе тұрғыны YouTube қосымшасы арқылы қолма-қол ақшаны көбейту туралы жарнаманы көріп, сұраныс қалдырған, кейін бір млн теңгесінен айырылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Біраз уақыттан кейін оған онлайн-сұхбаттасушы хабарласып, RCB COIN парақшасына тіркелуді ұсынған.

Азамат өз табысын 400 АҚШ доллары көлеміндегі жағымды бонуспен ұлғайту үмітімен осы сайтқа тіркелген. Салдарынан шамамен бір млн теңгесін жоғалтқан.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Құрметті азаматтар, алаяқтардың бизнесі адамдардың сеніміне негізделгендіктен, қоршаған әлемге деген оптимистік көзқарастарды қайта қарау керек. Есіңізде болсын, қазіргі уақытта интернетте көптеген алаяқ жұмыс істейді".Ақтөбе облысы бойынша полиция департаменті
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты