Ішкі істер министрі сайлау күні қауіпсіздік жағынан барлығы ойдағыдай болатынына сендірді

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов сайлау күнгі елдегі қауіпсіздік туралы және осыған орай қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр сайлау күніне қатысты түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

"Жағдай тұрақты болады. Себебі көптеген түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Әрине, күнде қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететінімізді білесіздер. Сондықтан да бұл күндері тұрғындардың дауыс беруге бара алуы және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылданады. Сондықтан барлық сайлау учаскесі күзетіліп, патрульдік сақшылар қоғамдық тәртіп пен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Барлығы ойдағыдай өтеді деп ойлаймыз", - деді ІІМ басшысы Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар оның сөзінше, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдеттегі күнделікті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда заңнамамызға сәйкес шаралар қолданылады.


Қазақстан
Ахметжанов Марат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты