Шымкенттік дәрігер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды

Сурет: otyrar.kz
Шымкенттік дәрігер Асхат Жақыбаев aсфиксия салдарынан жүрегі тоқтап, клиникалық өлім жағдайындағы сәбиді аман алып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Шымкенттегі №2 ауруханада болған. 

Анасының айтуынша, нәрестесі еміп жатқанда сүтке шашалып, демала алмай қалған. Соның салдарынан жүрек соғысы нашарлап, нәрестеде клиникалық өлім жағдайы тіркелген.

Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәігер Асхат Қойшыбекұлы тез арада ауыз қуысын санациялаудан бастап, нәрестенің жүрегіне саусақтарымен массаж жасап, өкпесін интубациялық түтікше арқылы жасанды тыныс алу апаратына қосқан.

Осылайша, 5-6 минут ішінде сәбидің жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысын қалпына келтіріп, оған қайта өмір сыйлаған.

Жүрегі тоқтаған сәбиге сәтті реанимациялық көмек көрсеткен Асхат Қойшыбекұлы 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері ретінде қызмет етіп келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы