Сайлау учаскесіне мас күйінде келудің 4 фактісі тіркелді – ҚР ІІМ

Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасындағы онлайн телемарафон кезінде сайлау учаскесінде орын алған құқықбұзушылық фактілеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, сағат 20-10-дағы жағдай бойынша сайлау учаскелерінен адамды күштеп шығару фактісі 32-ге жеткен. 

"Жалпы, қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты. Комиссия төрағаларының актілері бойынша, дер уақытында шешімін тапқан елеусіз оқиғалар орын алуда. Сайлау учаскелерінен барлығы 32 азамат шығарылды. Оған, негізінен себеп – сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау, учаскеде бейнетүсірілім жүргізу, комиссия мүшелеріне дөрекі мінез-құлық көрсету". Қайсар Сұлтанбаев

Сұлтанбаевтың мәліметінше, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында бюллетеньдерді бүлдірудің үш дерегі тіркелген.


"Сайлау учаскесіне мас күйінде келіп, қоғамдық тәртіпті бұзудың 4 фактісі орын алды. Олар Алматы, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары бойынша. Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 444-бабы және 434-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері штаттық режимде өз қызметін жалғастыруда. 506 жабық сайлау учаскесінің 4 333-інде дауыс беру аяқталды". Қайсар Сұлтанбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз