Президент аса маңызды сипатқа ие құжаттарға қол қойды - Ерлан Қарин

Сурет: Ақорда
ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған адам құқықтарын қорғау жөніндегі құжаттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында олардың Президенттің саяси реформаларының ауқымды пакетіндегі негізгі құжаттар болып табылатынын, сондықтан аса маңызды сипатқа ие екенін атап өтті.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекс нормаларын Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактідегі Екінші факультативтік хаттама ережелерімен үйлестіру қажеттілігі туралы осы жылғы қыркүйектегі Президент Жолдауында айтылды. Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин

Президенттің кеңесшісі өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасын талқылау барысында мемлекеттік органдардың өкілдері мен құқық қорғаушылар арасында пікірталас туындағанын айтты. Нәтижесінде, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында екі тараптың ұстанымын қарастыра отырып, Президент өлім жазасының күшін жою ың-шыңсыз қабылдануы тиіс екенін атап өтіп, осы мәселе бойынша құқық қорғаушылардың ұстанымын қолдады.

Өз кезегінде, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтар айында ҚР Парламентінің VII шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы жеке заңды әзірлеу туралы бастаманы көтерді. Бұл заң алғаш рет Адам құқықтары жөніндегі омбудсменнің құқықтық мәртебесін айқындап, құзыретін айтарлықтай кеңейтеді.

Осылайша, осы заңдардың қабылдануы адам құқықтарын қорғау және саяси жаңғырту саласындағы президенттік бағыттың бірізділігін көрсетеді. Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин

Ерлан Қариннің айтуынша, бұл құжаттарға қол қою қоғам өкілдері мен билік институттары арасындағы диалогтың тиімділігін кезекті рет дәлелдеп отыр.

"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Заңның жекелеген нормаларын қоғам мен құқық қорғаушылар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі алаңында бірнеше рет талқылағанын атай кеткен жөн.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты