Мемлекет басшысы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңға қол қойды

Сурет: Павел Михеев/Zakon.kz
Барлық БАҚ-та жануарларға жасалған қатыгездікті насихаттауға тыйым салынады және мұндай насихаттың кез келген түріне шектеу қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінеді Ақорда сайтында .

Алдында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қою үшін Президентке жолданғаны хабарланған.

«Чиптеу» дегенге қатысты, заң жобасы үй жануарларын есепке алу өнімін (құралын) иелері есебінен ақылы негізде пайдалана отырып, үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді. Бұдан басқа, осы айтылғандарды жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында Заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алу бойынша кейінге қалдыру нормасы көзделген (2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап).ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді