Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәлімдеме Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Құрметті отандастар, қадірлі ағайын!

Баршаңызға тағы да айтарым, іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын.

Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлде заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек.

Ал жастарға айтарым, жарқын болашаққа балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туған-туыстарыңыздың жағдайын ойлаңыздар.

Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі, тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды