Армения мен Қазақстан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Әңгімелесу барысында Тоқаев Қазақстандағы қазіргі жағдай мен елдегі конституциялық тәртіпті қалпына келтіру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Армения Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Армен Саркисян қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Армения Президенті жақын арада елде бейбітшілік пен тұрақтылық түпкілікті түрде қалпына келіп, ал тиген салдарды еңсеру Қазақстан мен оның халқы үшін жаңа болашаққа жол ашады деп үміттенетінін жеткізді. Сондай-ақ ол Арменияның Қазақстанмен достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға әзір екенін атап өтті.

Армения Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: