Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, делінген Ақорда сайтында .

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне бүгін, 13 қаңтарда бітімгерлік күштердің елімізден шығарыла бастағаны жөнінде мәлімет беріп, Қазақстанға жасалған террорлық шабуыл кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді, делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстанға қысқа мерзімге келуі ҰҚШҰ-ның беделді халықаралық ұйым ретінде қажетті әрі тиімді екенін көрсетті деп атап өтті.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты