Мемлекет басшысы бизнес өкілдеріне қарата айтылған сөзінде бәсеке жолынан тыс сатып алу үлесі әлі де көп екенін айтты. Ол импорт өнімдерін шетелге Қазақстандыкі деп апаратын бір күндік компаниялардың қатаң сүзгіден өтпейтінін сынға алып, бұл мәселені шұғыл шешу қажеттігін атап өтті.
Осы орайда мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесіне ерекше назар аудартты.
"Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесімен шұғыл түрде айналысу керек. Соңғы рет бір ай уақыт беремін. Ешқандай нәтиже болмаса, қатаң шешімдер қабылданады.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент «Самұрық-Қазына» қорын реформалауды тапсырғанын айта келе, қор жұмысын сынға алды.
Қазір Қор – өте үлкен құрылым. Жабықтық, "саяси маңызы бар адамдарды" тағайындау, сатып алулардың тиімсіздігі, еңбек қатынастарындағы дау-дамай, ауқымды жобалардың аяқсыз қалуы және тиімсіздігі, компанияны ұстап тұру шығындары – бұлардың бәрі қоғамның наразылығын тудырып отырған мәселелер. Күні бүгінге дейін мұнайхимия саласын қалыптастыра алмадық. Кеңес дәуірінде салынған зауыттарды қайта жөндеумен келеміз. Директорлар Кеңесі рөлі мен тәуелсіз директорлардың қатысуы көп жағдайда ештеңе шешпейді. Қорды түбегейлі реформалау міндетін жүктеймін. Бұл мәселе бойынша Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлестім. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кетеді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл ретте мемлекет басшысы «Платон менің досым, бірақ шындық одан қымбат» деген қағиданы ұстанатынын мәлімдеді.
Мен үшін біреумен жақсы қарым-қатынаста болудан көрі мемлекет мүддесі жоғарырақ. Қазірдің өзінде өте қиын шешімдер қабылдадым және болашақта да осындай шешімдер қабылдаймын.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев