Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған - Берік Уәли

"Президент неге мемлекеттік емес, орыс тілінде сұхбат береді" деген сауалға Берік Уәли жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.

...Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған. Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға әлемдік қоғамдастық қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан тақырыптың өзектілігін ескере отырып, сұхбаттың мейлінше кең таралуын көздедік. Қаңтар айында шетелдік (Ресей, Еуропа, АҚШ) ірі бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысының атына сұхбат беру жөнінде көп өтініш түсті. Алайда Президенттің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты біз тек «Хабар24» телеарнасымен ғана шектелуді жөн көрдік. Отандық БАҚ-қа берілетін келесі көлемді сұхбат міндетті түрде қазақ тілінде болады, делінген жазбада.

Айта кетсек, кеше, 29 қаңтарда сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар24" телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді. Сұхбатты журналист Вера Захарчук жүргізді.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: