Мұрат Нұртілеу ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын", – делінген Жарлық мәтінінде.

Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған.

Білімі:

1998 ж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген.

Дипломаттың рангы – бірінші санаттағы кеңесші.

Еңбек өтілі:

1998-1999 жж. – ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референт.

1999-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі.

2003-2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жж. – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 ж. – ҚР парламенті сенаты аппарат басшысының орынбасары. 2007-2011 жж. – ҚР парламент сенаты аппаратының басшысы.

2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директоры, ҚР сыртқы істер министрілігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011-2014 жж. – Женевадағы ҚРҮҚ кеңесші-елшісі.

2014-2016 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016 жылдың наурызы – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасының Финляндия, Эстония Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2019 жылдың 24 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2021 жылдың 25 ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі бастығының орынбасары;

2022 жылдың 1 мамырынан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, медаль.

Мұрат Нұртілеуге дейін бұл қызметті Ерлан Қошанов атқарып келді.

Еске салсақ, Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Қазақстан ҚР Президенті Әкімшілігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: