Тоқаев Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын заңға қол қойды

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Заңға енгізілген түзетуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалығын жою көзделген.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңындағы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамаларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен — Елбасымен келісу туралы норманың да күші жойылды.

Жалпы алғанда, бұл заң арқылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы» конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды