Қаңтар оқиғаларынан бері мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 15 іс қозғалды

Сурет: Zakon.kz
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Президентке «қасіретті қаңтар» оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы және рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне қатысты азаматтар мен құқық қорғаушылардың мәліметтері негізінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокурордың бандауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардың шағымдары бойынша 173 істі жүргізуде. Мемлекетке опасыздық жасау, өкілеттіктерді асыра пайдалану және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауында жатыр, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша 179 істі тексеруде.

6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2016 жылдан бері атқарып келеді. Екі рет – 2007 жылдан 2012 жылға дейін және 2014 жылдан 2015 жылға дейін Мәсімов ҚР премьер-министрі болды. Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды.

Кейін ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрдәулетов Ғизат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті