Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін реформалау барысы, ұлттық қауіпсіздік органдары жұмысының негізгі жетістіктері мен алдағы міндеттері туралы баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.   

Ермек Сағымбаев қазіргі уақытта ҰҚК-нің құзыреті аясында билікті күшпен басып алу, террорлық актілер, жаппай тәртіпсіздік пен басқа да қылмыстарға қатысты 27 қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Осы қылмыстық істер бойынша 24 адам қамауда отыр. Оның 14-і – деструктивті діни ағым өкілдері. 

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында Алматы қаласында ТМД елдеріне есірткі тасымалдайтын өз «майнинг-фермасы» бар ірі есірткі лабораториясы жойылды. Құны 3,7 миллиард теңге болатын 188 келі мефедрон және 57 миллион теңге тәркіленді.

ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету жұмыстарын күшейтіп жатыр. Қаңтар-ақпан айларында 2133 құқықбұзушы мен 22 су көлігі ұсталған.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ҰҚК органдарының жұмысын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі