Қазір өте ауқымды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бас прокуратура нақты ақпаратты жүйелі түрде жариялап жатыр. Қандай да нәтиже туралы айтуға әлі ерте. Бұл – өте күрделі мәселе. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысының айтуынша, қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп жатыр. Өйткені, бұл өте жауапты іс болғандықтан біраз уақыт керек.
Көп ұзамай халқымызды мазалап отырған сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Бәрі де айтылады. Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Қазір тек мына нәрсені ғана айта аламын. Бұл біздің халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп болды. Мемлекет басшысы