Тоқаев: Лаңкестер мен қарақшыларды халық қаһармандары, батырлар деп айтуға болмайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында заңды бұзғандарға қатысты қандай шаралар қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұзақылар туралы мәселеге келсек. Кейбір адамдар жазықсыз азаматтарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды да, осындай жалған ұрандарды ел ішінде таратады. Бірақ, мынаны ұмытпауымыз керек, солардың ішінде лаңкестер де, қылмыскерлер де бар. Қараңызшы, мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шықты. Бұған кім сенеді? Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары, батырлары деп айтуға болмайтынын айтты.

Бұл – ешқандай шындыққа келмейтін жалған уәж. Болған істің ақиқатына көз жеткізбесек, мұндай қауіп қайталануы мүмкін. Елімізге тағы бір үлкен қауіп төндіреміз. Бұл қарақшыларды Қазақстанға шақыру деген сөз. Сондықтан аталған мәселеде біз өте сақ болуымыз керек. Әрбір іс бойынша мұқият тергеу жүргізуіміз қажет. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: