Президент тіл реформасы жайында: Бұл мәселеге байыппен қараған жөн

Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында тіл саясаты мәселесіне байыппен қарап, сараптама жасалуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тілімізге келсек, оны да сақтап қаламыз. Басқаша болмайды, себебі, тарихымыздағы ең күрделі кезеңдерде тіліміз көзі ашық ағаларымыздың, қарапайым халқымыздың арқасында аман қалды. Дегенмен тіл реформасын жасауымыз керек. Мәселе латын графикасына жедел түрде көшу емес. Бұл мәселеге байыппен қараған жөн. Сараптама жасалуға тиіс. Қисынсыз нәрсенің пайдасы жоқ. Әсіресе тілге келгенде, асығыстық танытуға болмайды. Себебі бұл өте шетін дүние. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, ел Егемендігі бәрінен де жоғары тұрады.

Біздің бір ғана Отанымыз бар. Басқа Отанымыз жоқ. Болмайды да. Еліміздің Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Бұл – аксиома, ақиқат. Оны көздің қарашығындай сақтау – ортақ парызымыз. Ал, Егемен ел дегеніміз қандай ел? Бұл – әлемдік үдеріске бейімделген біртұтас халық. Дербестігін жалаң сөзбен, немесе ұранмен емес, нақты іспен дәлелдей білген ел. Демек, «Егемендікті сақтап қаламыз ба?» деген күмәнді ой ешкімде болмауы керек. Ол қисынсыз тұжырым, қисынсыз сөз. Керісінше, әрқайсымыз «Тәуелсіздігімізді қалай бекем ұстап қаламыз?» деп ойлануға тиіспіз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті