Тоқаевқа «Самұрық-Қазынаның» маңызды активтерін IPO-ға шығару жайы баяндалды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорын реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берілді.

Алмасадам Сәтқалиев Президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.

Мемлекет басшысына Қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетсек, 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының сатып алуларының ашықтығына қатысты көтерілген мәселелер өз күшінде екенін мәлімдеген еді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды