Президент PSA компаниялар тобының бас директорымен кездесу өткізді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың PSA компаниялар тобының бас директоры Тан Чон Мэнмен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық әлеуетіне назар аударып, Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлық транзиттік тасымалдың 83%-ы біздің еліміз арқылы өтетінін айтты. Оның айтуынша, PSA компаниясының порттарды басқару, логистика және цифрландыру бағытындағы тәжірибесі ерекше қызығушылық туғызады.

Компанияның жоспарымен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев PSA компаниясымен арадағы ынтымақтастықтың дамуын бақылауға алатынын және өзара тиімді нәтиже күтетінін айтты.

Сингапурлық бизнесмен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп, логистикалық қызмет көрсету және цифрлық көлік дәлізін дамыту, сонымен қатар сингапур тәжірибесіне негізделген кедендік рәсімдерді трансформациялау үшін өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы Нұрлан Сауранбаев PSA компаниясымен бірлескен жұмыстардың перспективасына қатысты өз ойларымен бөлісті. 

PSA компаниясы жобалау, құрылыс, құрлық пен теңіз порттарын басқару, сонымен бірге көлік-логистикалық, сауда және кеден үдерістерін цифрландыру жұмыстарымен айналысады. PSA желісінің 26 елде 50-ден астам филиалы бар. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы