Ішкі істер министрі қызметінен кетті

Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды» – делінген Жарлық мәтінінде.

23 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткендігі туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтып, ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлаған еді.

Еске салсақ, Ерлан Тұрғымбаев бұл қызметті 2019 жылғы ақпаннан бастап атқарып келді.

Қазақстан
Тұрғымбаев Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды