Тоқаев: Біз Ресей мен Украинаны келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға шақырамыз

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді көздейді. Біз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізген ел ретінде еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы қағидатына бейілдіміз.Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның пікірінше, Минск келісімі қағаз жүзінде қалды, бұл Украина аумағындағы әскери операцияларға әкеліп соқтырды.

Геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған жағдайда шиеленісе түсті, енді өкінішке қарай, бұл үрдістің қайтымсыздығы туралы айту керек. Біз екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы жанжалдан жаман бітім артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық көмек түрлерін, соның ішінде делдал болуға да дайын. Егер, әрине, қажет болып жатса. Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды