Тоқаев Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, жиынға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, өңірлердің әкімдері қатысты.  

Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар теңгерімді тариф саясатын енгізудің нақты аспектілері мен электр энергетикасы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Жиын барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин және басқалар баяндама жасады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды