Әкімдердің халықпен кездесуі туралы жарлыққа қол қойылды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 наурыз күні әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан  реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында президент қаулы етті:

1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:

1) жыл сайын 15 қаңтарға дейін мыналарды:

Қажет болған жағдайда күнтізбені мәслихатпен келісу бойынша түзетуге жол беріледі;

2) жыл сайын 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілген күнтізбені ұсынсын.

3. Барлық деңгейдегі әкімдер:

1) халықтың талап етуі бойынша және қажет болған кезде күнтізбеден тыс халықпен кездесу өткізсін;

2) техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда міндетті түрде пікір білдіру мүмкіндігімен онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін;

3) кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігін баяндаманы таныстырумен, уақыттың қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматында өткізсін;

4) халықпен кездесулер өткізгенге дейін:

5) халықпен кездесулер өткізгеннен кейін:

4. Әкімдіктер мен әкімдер аппараттары кездесулерге мүдделі тұлғалардың ауқымды аудиториясын, оның ішінде мәслихат депутаттарын, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен оппозиция өкілдерін тартсын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін өңірлердің бекітілген күнтізбелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынуды;

2) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына және 15 тамызына дейін орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін проблемалық мәселелердің тізбесін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды жинауды;

3) әкімдердің халықпен көшпелі кездесулерінің қорытындысы бойынша халық көтерген мәселелерді шешу жолдары мен олардың орындалу барысын көрсете отырып, олардың ішінен құзыретіне кіретін проблемалық мәселелердің тізбесін орталық атқарушы органдардың, ұлттық холдингтердің, компаниялардың ресми интернет-ресурстарында орналастыруды және тоқсан сайын жаңартуды қамтамасыз етсін.

6. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

Тоқаев жарлықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктеді.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: