Оңтүстік Кореяға жаңа президент сайланды

Сурет: pixabay
Жаңадан сайланған президент Юн Сок Ёль пандемия жағдайына қарамастан жаңа жұмыс орындарын ашуға, бизнес жағдайын жақсартуға, мемлекеттік органдарды оңтайландыруға және ел экономикасын қалпына келтіруге ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозициялық кандидат Юн Сок Ёль жеңіске жетті. Бұрынғы Бас прокурор халықтың 48,59% дауысын ала алды. Бұл туралы The Korea Times хабарлады.

Дауыс беруші халықтың 77%-дан астамы сайлауға қатысты. Сайлау күні демалыс болып жарияланды. Коронавируспен ауыратындар үшін бөлек дауыс беру ұйымдастырылды.

61 жастағы Юн Сок Ёль бұл нәтижені жеке өзінің немесе партияның жеңісі емес, «халықтың жеңісі» деп атады. Ол басқа кандидаттарға алғысын білдіріп, Демократиялық партиямен «халыққа жақсырақ қызмет ету үшін» жұмыс істеуге уәде берді.

Сайланған президент жаңа жұмыс орындарын ашуды, бизнес жағдайын жақсартуды, мемлекеттік органдарды оңтайландыруды және пандемия кезінде ел экономикасын қалпына келтіруді көздеп отыр.

Юн Сок Ëль 10 мамырда ғана қазіргі президент Мун Чжэ Иннің орнын басады. Оған дейін ол қазіргі президенттен өкілеттіктерді беру жөніндегі комитет құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды