Тоқаев президенттен бастап бірқатар лауазымды тұлғаларды партиядан шығаруды ұсынды

Сурет: akorda.kz
Қазір бізде барлығы Президентке келіп тіреледі. Бұл – дұрыс емес. Біртіндеп бұдан бас тартуымыз қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір бізде барлығы Президентке келіп тіреледі. Бұл – дұрыс емес. Біртіндеп бұдан бас тартуымыз қажет. Мен үшін мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесі биліктің қосымша мүмкіндіктеріне және уақытша ықпалына қарағанда әлдеқайда маңыздырақ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы «президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін» заң жүзінде ресімдеуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл норма саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Осылайша, еліміздің болашақтағы көшбасшыларын негізгі саяси институттарды өзіне бағындырып алуға құмар болудан сақтаймыз. 

Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары және мүшелері міндетті түрде партиядан шығуы керек деген норманы да  заңнамаға енгізген жөн.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент «барлық өкілеттікті бір қолға шоғырландырған орталықтағы жағдай аймақтарда да қайталанатынын» айта келіп, әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында да лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу керек екенін атап өтті. Мұндай шешімдер көпполюсті партиялық жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әңгіме, ең алдымен, суперпрезиденттік басқару нысанынан күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу туралы болып отыр. Мұндай жүйе билік институттарының оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етіп, елдің тұрақты дамуына ықпал етеді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді