Қазақстанда Конституциялық сот құрылатын болды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елде Конституциялық сот құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы ол сотқа Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де жүгіне алатынын атап өтті.

Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа шағымдану мүмкіндігін беру керек. Бұл бастамалар әділетті және құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдімін. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар, президенттің айтуынша, Қазақстанда алқабилер тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығара алады, осыған байланысты ол алқабилер қарайтын істердің санатын кеңейтуді ұсынды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз