Мемлекет басшысы бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтарда былтырғы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылдың алғашқы екі айындағы даму көрсеткіштері туралы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевты, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтарда былтырғы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылдың алғашқы екі айындағы даму көрсеткіштері туралы баяндалды. Әкімдер аталған облыстарға және Шымкент қаласына қатысты Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.

Президент халықпен жиі кездесудің, қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтіп, өңірлердің басшыларына тұрғындарды мазалаған мәселелерді уақтылы шешу қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын күшейтуді және өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды жалғастыруды тапсырды.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті