Тоқаев ЕҚДБ президентін Қазақстанға кезекті рет сапармен келуге шақырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында транзиттік тасымал, экономиканы декарбонизациялау, қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына көңілі толатынын атап өтті.

Өзара ықпалдастық аясында зор нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая беретініне сенімдімін. Мемлекет басшысы

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды, 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Қазақстанның көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу жөнінде мәлімдеген мақсаттары аясындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін нақтылады.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Қазақстанға кезекті рет сапармен келуге шақырды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі