Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратпен танысты

Cурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Үкіметтің қаржы-экономикалық салада атқарып жатқан жұмысының негізгі бағыты туралы есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы, жалпы елдің әлеуметтік-экоомикалық дамуы туралы ақпарат берілді.

Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиядан арылту және 2022 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша жұмыс туралы баяндады.

Кездесуде президенттің тапсырмаларына сәйкес кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан жедел әрі жүйелі шаралар, шетелдегі қаржыны қайтаруды және елден ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың нақты тетіктері пысықталып жатқаны туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевқа бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы