Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагерін елімізге ресми сапармен келуге шақырды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидің Тақ мұрагері бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды Дубайда өткен ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму перспективаларына ерекше назар аударылды.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін нақтылады. Атап айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытатыны жөнінде айтылды.  

Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Абу-Дабидің Тақ мұрагерін биыл елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды