Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақордадағы хабарламада жазылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Қанат Сейдгапбаровтың еңбек өтілі:

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген (2000-2001);

ҚР Бас прокуратурасының қызметкері (2001-2016 жж.);

ҚР Бас прокуратурасы департаментінің бастығы (2011-2016 жж.);

ҚР президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2016-2019);

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі басқармасының басшысы (24.04.2019 ж.)

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды