Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды күшейту маңызды деп санайды.

Мемлекет басшысы мен Тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше мән бере отырып, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң перспективасын айтып өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм сияқты салалардың әлеуеті зор екеніне назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.

Көшбасшылар бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды