Тоқаев «Зерде» ұлттық холдингін реформалауды тапсырды

Сурет: zerde.gov.kz
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке биылғы бірінші тоқсандағы жоғары аудит органы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Осы есептік кезеңде 345 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын қамтитын 14 нысанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Нәтижесінде 30 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына да аралық аудит жүргізілген.

Мемлекет басшысы бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуына қатысты Наталья Годунованың ұсынысын тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Годунова Наталья

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты