Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Жәнібек Иманалиев атқарып келді. Ол ҚР президентінің жарлығымен қызметінен босатылды.
Марат Зеникенұлы Сыздықов 1966 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Білімі:
1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын,
2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек өтілі:
1991-1992 – Целиноград қаласындағы №7 орта мектебінің тарих мұғалімі.
1992-1998 – С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы.
1998-1999 – ҚР Президенті әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы.
1999-2002 – ҚР Президенті әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі.
2002-2010 – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2010-2014 – ҚР Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2014-2019 – ҚР Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.
2019 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.